Қарағанды облысында 9 мыңнан астам ірі қара малдан бруцеллез анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында жылдың басынан бері 3 15 003 бас ірі қара мал иммундық-ферменттік талдау әдісімен бруцеллезге тексеріліп,

 9 063 бас малдан   оң  реакциясы   анықталды,  деп   хабарлайды   ҚазАқпарат    Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  облыстық аумақтық инспекциясының мәліметтеріне    сілтеме  жасап.

Барлық қажетті  алдын-алу шаралары  қабылданды,  деп  хабарлады облыстық аумақтық инспекцияның мамандары.    Бруцеллезбен  ауырған  малдар  анықталған  қораларда   зарарсыздандыру     шаралары  жүргізілді.