Қарағанды облысында «Әкімге сауалыңды жолда!» атты SMS-акция өтті
«Нұра ауданында «Ашық әкімдік» бағдарламасы аясында Beeline операторының техникалық қолдауымен «Әкімге сауалыңды жолда!» атты SMS-акция өтті», - деп хабарланды «КаР-Тел» ЖШС-ның Қарағанды филиалынан.
Ұйымдастырушылардың берген мәліметіне сәйкес, бір ай ішінде SMS арқылы ауданның тұрғындары жергілікті билік өкілдеріне 70-тен астам сұрақ пен ұсыныстарын жіберді. SMS-тер 907 қысқа нөмеріне тегін жолданды.
Әр сұраққа жағдай бойынша жауаптар қайтарылды. «Сонымен қатар біз қызық ұсыныстарды алдық, мәселен жел энергитикасы жөнінде ұсыныс бар. Жобаның берер нақты нәтижесін де атап өтуге болады. Тұғындардың өтініші бойынша жергілікті дәріхана жексенбі күні де жұмыс істейтін болды. Қоқыс лақтырылатын жаңа алаңды ашуға құжаттар дайындалуда. Нұра ауданының студенттері студенттік құрылыс жасағының жұмысына тартылатын болады. Аудандық «Нұра» газеті қанық түспен басыла бастады. Аудандық білім беру бөлімінің интернет-порталын іске қосу бойынша жұмыс атқарылуда», - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары А. Аймағамбетов.
Енді Нұра ауданының билігі тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы байланысуда. Аудан әкімінің «Facebook» пен «Менің әлемім» желілерінде жеке парақшалары ашылды. Ғаламторда сондай-ақ Нұра ауданының қоғамдастығы құрылды.