Өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде жауған қар туралы суреттермен және видеороликтермен белсенді бөлісуде. «Жедел медициналық жәрдем» қызметіне ауа райы мен күннің суытуына байланысты қайғылы жағдайлар туралы ақпарат түспеген.
Сондай-ақ, Павлодарға да алғашқы қар жауды. Метеоқызмет дерегі бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытады. Себебі, Қара теңіз аудандарынан Қазақстан аумағына суық және ылғалды ауа массалары ауысып жатыр.