«Балам» алимент орталығы» құрылды. Онда талап қоюшыға құқықтық көмек көрсетіледі және алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындауға бағытталған шаралар қабылданады.
«Орталық Сәтбаев қаласы прокуратурасының бастамасымен «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» атты Бас прокуратураның жобасын іске асыру аясында сот орындаушыларымен бірлескен түрде қүрылды», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Орталық жеке сот орындаушысы кеңсесінде жұмыс істейді. Ол алименттік міндеттеме бойынша шешімдерді орындауға жәрдемдеседі. Онда атқарушы өндірістер зерделеніп, нақты өндіріс бойынша өткізілген орындаушылық іс-қимылдардың толықтығы тексеріледі. Борышкермен жұмыс жүргізіледі.
«Орталық алимент өндіру туралы сот актілерін орындау бойынша проблемаларды шешу үшін ашық алаңға айналмақ», - деді прокуратура баспасөз қызметі.
12:06, 29 Маусым 2017
Қарағанды облысында алимент орталығы құрылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласының прокурорлары мен сот орындаушылары алимент өндіріп ала алмай жүрген азаматтарға тегін көмек көрсетуді бастады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.