Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбор тас жолында үш адам қаза тапты
11:39, 21 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбор тас жолының 713-ші шақырымында «Вольво» жүк көлігі мен «Ауди» жеңіл көлігі соқтығысып қалды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кеше, жексенбі күні болған апаттың салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.