Қарағанды облысында алты жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 шілдекүні Сәтбаев қаласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала 4-қабаттаорналасқан пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды.

Биылғы жылыбұл Қарағанды облысында тіркелген 11-інші жағдай.

Қарағандыоблысының ТЖД қызметкерлері балалардың терезелер мен балкондардан құлап кетуінежол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:

- кішкентайбалаларды қараусыз қалдырмау;

- балатерезеге көтере алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезеден ары қарай жылжыту;

- ешқашанмоскит торына сенім артпаңыз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

- терезеге балаға терезені бірнешесантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер орнатыңыз;

-терезелерге немесе терезе ойықтарына торлар орнатыңыз;

- ашықтерезенің жанында болу қаупі туралы балалармен әңгіме жүргізіңіз;

- егер бекіткіш құрылғы немесе тор орнату мүмкіндігіболмаса, терезенің тұтқасын алып тастаңыз да, оны қажет болған жағдайда ғана пайдаланыңыз.

Соңғы жаңалықтар