«Мектепке жол» республикалық іс-шарасының аясында Қарағанды облысында облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бастамасымен ұялы байланыс операторының техникалық қолдауымен Білім күні қарсаңында «Әрбір бала білім алуға құқылы» атты SMS-акция өтуде», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қарағандылықтар балаларға орта білім беру құқығы бойынша ұялы байланыс арқылы консультация ала алады. «Ол үшін 919 қысқа нөміріне SMS-хабарлама жолдау керек. Балалардың құқығын бұзуға қатысты мәселелер, ұсыныстар мен хабарламалар балалар құқығын қорғау департаментіне беріледі. Хабарламалардың жауаптары мемлекеттік органның www.bala-zan.kz» сайтында жарияланады», - делінген хабарламада.
Бүгін басталған акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.