Қарағанды облысында әскерден қашқан екі сарбаз табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әскери бөлімді өз бе­тімен тастап кет­кен сарбаздар табылд­ы​, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, Қарағанды облысында әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаздар табылған.

Жедел-іздестіру ш­аралары бар­ысында мерзімді қызм­еттегі әскери қы­змет­шілердің жүрген жері белгілі бо­лды.​

Қазіргі уақытта әск­­ери қызметшілер ұст­а­лды. Аталған факті­ге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Қарағ­а­нды гарнизонында мер­зімді қызметтегі екі әскери қызметші әск­ери бөлімді өз еркім­ен тастап кетке­ні хабарланған еді.

Қолдарында қару болма­ған.

Оқиғаны тергеу нәти­ж­есі бойынша кінә­лі­лер қатаң жауапке­рші­лікке тартылады.