Ойындар Ұлы Жеңістің 76 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуының 29 жылдығына арналды.
«Ұлан» әскери-спорттық ойынында Сәтбаев қаласының №14 мектебі жеңімпаз атанды, екінші орынды Шет ауданының Бұрма мектебі иеленсе, үшінші орын Абай ауданының №9 мектебіне берілді.
«Алау» ойынында Шет ауданының «Ақсауыт» патриоттық клубы жеңіске жетті, екіншісі – Қарағанды қаласының №91 ЖОББМ және үшінші – Абай ауданының №9 ЖББМ бұйырды.
Үздік командалар «Сарыарқа дарыны» өңірлік балаларға арналған қосымша білім беру ғылыми-тәжірибелік орталығының кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.