«Абай, Жаңаарқа және Нұра аудандарының бірнеше шаруа қожалықтары астық жинауға кірісті. Қалған аудандарда бұл іс ауа райына байланысты әзірге тоқтатылып тұр. Қыркүйектің алғашқы он күнінде облыс бойынша түгелдей астық жинай бастаймыз», - деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.
Басқармада мәлім еткендей, биыл 1 гектардан орташа есеппен 11 центнер жинау жоспарланған. Өткен жылы бұл көрсеткіш сәл төмен болған, яғни 1 гектардан орташа есеппен 10,6 центр жиналған.
Еске салайық, Қарағанды облысында егіс науқаны басталғалы 824,2 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егу жоспарланған еді: оның 615,9 мың гектарына бидай, 20,35 мың гектарға сұлы болған.