«Қарағанды облысында желтоқсанның 28-інен бастап, 30-на дейін 19 елді мекендегі жол бойында орналасқан мейрамхана, кемпиг және асханаларда жолаушыларды тамақтандыру шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұзақ сақталатын азықтар таратылған. Сондай-ақ, жүк көліктерімен тасымалданып бара жатқан малдарға беру үшін жем-шөп әзірленген», - делінген хабарламада.
Нақтылай кетер болсақ, тамақтандыру орындары Қарағандыда, Балқашта, Абай, Шет және Осакаровка аудандарында ұйымдастырылған.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 4500 адам тамақтандырылып, 4 560 адамға жол азығы, 1000 литрден астам ауыз су үлестірілді. 8,2 тонна жанар-маймен қамтамасыз етілді.