«Облыс аумағында орын алған ауа райының метеорологиялық жағдайына байланысты наурыздың 19-нан 20-на дейін жолдарда күртік қар мен жыраға шығып кету сияқты жол-көлік апатының 25 оқиғасы тіркелді. Онда 100-ге жуық адам мен 40 техника бірлігі болды. Көмек көрсетуге 17 құрылым, 40 адам және 25 техника жұмылдырылды. Барлық адамдар құтқарылды», - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Мәселен, Осакаров ауданында «Алматы-Екатеринбор» күре жолының 1122 шақырымында Астанадан Қарағандыға бағыт алған 57 жолаушысы бар автобус жыраға аударылып кетті. Ұлытау ауданында «Қоскөл-Жезқазған» жолында құтқарушылар жыраға аударылып кеткен «жедел-жәрдем» көлігін алып шықты. 7 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды», - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.