Барлық жағдайларға қатысты суды шығару бойынша шаралар қабылданды. Барлығы 80 534 текше метр еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 1735 метр арықтарға тазарту жүргізілді, 670 дана қап төселді, 120 метр уақытша үйінділер жасалды.
Келесідей күштер мен құралдар жұмылдырылды:
– ТЖД – 209 қызметкер, 82 бірлік техника, 13 мотопомпа;
- №52289 ӘБ – 30 әскери қызметші, 1 техника;
- жергілікті атқарушы органдардан – 155 қызметкер, 74 техника;
- жергілікті полиция қызметі – 5 қызметкер, 2 техника;
- коммуналдық қызметтер – 240 адам, 68 техника.
Елді мекендерді су басу тіркелген жоқ.
4 сәуірде Қарағанды облысының аумағында қардың қарқынды еруінен Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарындағы автожолдардың екі учаскесінде су басу фактілері тіркелді.
Бұқар Жырау ауданында су басу жағдайы қысқа мерзімді сипатта болды. Жолдардың бойына ескерту белгілері орнатылып, жол қызметтерінің, жергілікті полиция қызметінің және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Бұл учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс сағат 07:00-ден бастап ашық. Жол үстімен судың асуы тоқтады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Ал Қарқаралы ауданында Қоянды ауылынан 12 шақырым жерде, Қоянды – Егіндібұлақ – Бүркітті облыстық маңызы бар автожолдың 67-шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр.
Облыстың барлық аудандарында 21 785 адам тұратын 158 су тасқыны қаупі бар елді мекендерде 4474 тұрғын үй мен аула аумақтары бақылауға алынды.
Су басқан және шайылған автомобиль жолдары мен темір жолдар тіркелген жоқ.
Қазгидрометтің күн сайын ұсынатын мәліметтеріне сәйкес, облыс өзендерінің деңгейі қауіпті межеден артқан жоқ.
«Ірі су қоймаларынан суды лақтыру жалғасуда: Самарқандтан – 100 куб. м/с ағыны кезінде 20 куб. м/с көлемінде; Ынтымақтан – 8 куб. м/с ағыны кезінде 80 куб. м/с. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағызулар жүргізілмейді, ағыны 77 куб. м/с құрайды.
Космомониторинг деректері бойынша облыстың солтүстік аумағының 20–25% әлі де қар қалың. Қарағанды облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.