Қарағанды облысында аурухана және емхана басшыларының білімі тексерілді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тестілеу өтті. Медициналық ұйым басшылары емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Емтихан барысында емхана жетекшілері 33 минутта жаңамодель Қарағанды облысында қалай іске асырылады, тегін медициналық қызметтертізіміне қандай қызмет түрлері кіреді, әлеуметтік сақтандыруқорында ешқандай төлем жасамаған азаматқа қандай көмек көрсетілетіні туралысұрақтарға жауап берді.

Тестілер МӘМС енгізу бойынша Қарағанды облыстық штабындадаярланды. Онда 40 сұрақ болды. Кей тапсырмаларда бірнеше дұрыс жауап келтірілген,сондықтан денсаулық сақтау менеджерлеріне бірінші кезекте сақ болу талапетілді. Емтихан алдында қатысушылардың ұялы телефондары жинап алынды, ал тестілеубейнебақылау арқылы қадағаланып отырды.


Білімді бағалаудың орташа нәтижесі 70% құрады. Көшбасшыларүштігіне «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының», №4 емхана мен Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қалалық орталығыбасшылары енді. Олар ең жоғарғы балл жинады.

«Қобалжу болды, өзімді мектепке немесе университеткеқайта оралғандай сезіндім. Біз оқуды мамыр айында бастадық, сол кезде Қарағандыоблысы алғашқылардың бірі болып ММСЖ енгізетіндігі белгілі болды. Бұл тақырыптымен жақсы білемін, алайда сенімдіздік болды, себебі, бұл өте жауапты іс. Жоғары балл жинағанымды естігенде қатты қуандым», - дейді АМСК директоры ТатьянаБаширова.

Тестілеуқорытындысы бойынша барлық медициналық ұйымдардың жетекшілері 5 балдық жүйе бойынша баға алды. 3 балл алғандар жақын арада тестіні қайта тапсырады.

Қарағандыоблысының барлық медициналық қызметкерлері – дәрігелерден бастап орта және кішіперсоналға дейін осындай тестілеуден өтеді.

Айта кету керек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде көрсетілетін тегінмедициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен медициналық көмекпакеті Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы халыққа жолдауындағы тапсырмасымендаярланды. Ол 2020 жылдың қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

Денсаулықсақтауда үш деңгейлі медициналық қамсыздандыру жүйесі енгізіледі. Бірінші деңгейі ҚР барлықазаматтарына, оралмандарға және тұрақты түрде тұратын шетелдіктерге арналғанмемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл пакетке тіркелу орныбойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек, санитарлықавиация, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызды ауруларда және негізгісозылмалы ауруларда толық медициналық көмек спектры, оған қоса дәрілікқамсыздандыру кіреді.

Екіншідеңгей – сақтандырылған халық үшін МӘМС пакеті, мұнда ТМККК қоса мына қызметтерқосылады: консультациялық, диагностикалық, жоспарлы стационарлық көмек пен аурутүрлері бойынша тегін дәрімен қамту, стационарды алмастыратын көмек жәнеқалпына келтіру мен емді қайта жүргізу.

Үшіншідеңгей – бұл ТМККК және МӘМС пакеттеріне кірмейтін медициналық қымет түрлері.Олар ақылы түрде немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі.

Денсаулықсақтау жүйесін үш деңгейлі жүйеге ауыстыру арқылы мемлекет міндеті менминистрлік, МӘМС Қоры және жекеменшік сақтандыру компаниялары арасындағымедициналық көмек көрсету бойынша жауапкершілік бөлініп, белгілі бір шектеулеранықталады, бұл өз кезегінде бюджет қаржысын үнемдеуге ықпал етеді, осылайшаденсаулық сақтау бағытындағы әлеуметтік маңызды бағыттарға қаржы көбірекбөлінеді, және де бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында пайда болған қаржыжетіспеушілігін қалпына келтіруге көмектеседі.



Соңғы жаңалықтар