Қарағанды облысында ауыл мектебінде шыққан өрт 15 минутта сөндірілді
08:00, 29 Қыркүйек 2011
ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Бөрсеңгір ауылындағы орта мектепте өрт шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт сәрсенбі күні кешкі сағат 8-де, №10-шы орта мектептің екінші қабатында орналасқан компьютерлік сыныпта басталған. Төтенше жағдай орнына дереу жеткен «СемсерӨрт сөндіруші» ЖШС өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жалынды 15 минуттың ішінде ауыздықтады.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.