«Прокуратураның тексерісі анықтағандай, аудандық медициналық бірлестіктің 207 қызметкеріне 2010 жылдың желтоқсан айындағы жалақы төленбеген. Қарыз 4,6 млн. теңгені құрады. Қызметкерлердің конституциялық құқықтарын қорғау мақсатымен 2011 жылдың 10 қаңтары күні аудандық прокуратура заң бұзушылықты жою туралы шешім қабылдады», - деді Р.Рахатов.
Қадағалаушы органның араласуынан кейін қызметкерлердің жалақасы өз қолдарына тиді, деп атап өтті ол.