Қарағанды облысында аяз бен жел күшейеді
18:15, 21 Қаңтар 2009
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне байланысты тұрғындарға абай болуға ескерту жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгін аймақта ауа райы суытып кетті: күннің суытуымен қатар жел де қатая түскен. Синоптиктердің деректері бойынша 20-25 градус температура кезінде желдің күші секундына 9-14 метрге жетеді, кей жерлерде жел қатайып, 18 метрге дейін жетеді.Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі халықты «абай болуға, үсікке шалынбауға, мүмкіндігінше алыс жолға және жорыққа шықпауға, әсіресе түнде жол жүрмеуге» шақырды.