Қарағанды облысында аязды ауа райы сақталып отыр

ҚАРАҒАНДЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында аязды ауа райының салдарынан тағы да ескерту жарияланды.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазгидромет» РМК Қарағанды гидрометеорология орталығының хабарлауынша, облыс аумағында 2011 жылдың 24 ақпанында кейбір жерлерде боран тұрып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, түнде 27-32 градус, күндіз 23 градус аяз болады деп күтілуде», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Синоптиктердің болжауынша, аязды күндер 25-26 ақпан күндері де сақталып, түнде 30-35, күндіз 23 градусқа жетеді, желдің күші секундына 9-14 метрге жетеді.

Осыған орай, құтқарушылар тұрғындарға барлық сақтық шараларын қолдануды қатаң ескертуде, ауа райының құбылуларын қатаң бақылап, мүмкіндігінше алыс жолға шықпау туралы кеңес беруде.