Өзінің құттықтау сөзінде аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысына Республикалық әскери-патриоттық жиынға дайындалу және оны өткізуде екінші жыл сенім білдіріліп отырғанын, ал қатысушылардың әрқайсысына ел алдында өз өлкесінің намысын қорғап шығу мүмкіндігі берілгенін атап өтті.
«Бүгін мұнда ең лайықты жас азаматтар жиналды. Араларыңызда жауынгерлік және саптық дайындықтың үздіктері көп, үлкен арман - әскери қызметкер болуға, Отан алдындағы борышты абыроймен атқаруға күн санап жақындап келесіздер. Сіздер үшін бұл нағыз қызмет алдында күш жинаудың тамаша мүмкіндігі», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков, қатысушыларға сәттілік тілей отырып.