Қарағанды облысында аймақтағы суармалы егіншілікті жандандыру мәселесіне қатысты кеңес өтті

None
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов тамыздың 24-і күні жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданындағы «Айхан» шаруа қожалығында болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы көкөніс өсіруге арналған тамшылап суару жобасының ауыл шаруашылығына қалай еніп келе жатқандығымен танысып, қолда бар техникаларды қарап шықты.

Содан кейін Серік Ахметов аймақтағы суармалы егеншілікті жандандыру мәселесіне қатысты кеңес өткізді.

Осы мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Төлеутай Рахымбеков баяндама жасады.

Ол қазіргі таңда Қарағанды облысындағы 61,5 мың гектар суармалы жердің әртүрлі себептерге қатысты тек бестен бір бөлігі пайдаланылатынын жеткізді.

Кеңесте Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы институтының директоры Теміржан Айтбаев сөз сөйлеп, Қарағанды облысындағы картоп егу мен көкөніс мәдениетінің бірқатар даму аспектілеріне тоқталды.

Кеңесті қорытындылай отырып, облыс әкімі Серік Ахметов айтылған пікірлердіескере отырып, оларды тәжірибелік жұмыста қолдану арқылы Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорт жағдайының өсуі бойынша қойған тапсырмаларын орындау қажеттігін атап көрсетті.