Қарағанды облысында азық-түлік супермаркеттері тәулік бойы жұмыс істейді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, тұрғындарға 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі аралықта мерекелік жыйындар ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, бұқаралық іс-шараларды (мерекелік іс-шараларды, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу жөнінде шешім қабылданғаны туралы мәлім етті.

«2020 жылғы 25 желтоқсан мен 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы кезеңде жаңажылдық ертеңгіліктерді, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды.

Сауда, ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, сауда желілерінде, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларда (жеке үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (залда 50-ден аспайтын отыратын орны бар) қызметі келесідей ұйымдастырылады: нысанның толымдығы 30%-дан аспауы тиіс; бір келушіге 4 шаршы метр аумақтан келуі қажет; ұжымдық іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Жұмыс уақыты – жұмыс күндері, мереке және демалыста сағат 00.00-ге дейін.

Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, фуд-корттардың тамақты тек шығаруға және жеткізуге, тамақтану залын ұйымдастырмай, үстелдерді орналастырмай, жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Бұдан басқа, қоғамдық тамақтану объектілерінің тамақты жеткізу және өзімен алып кету бойынша жұмыс уақытынан шектеу алынып тасталды.

Азық-түлік супермаркеттері мен дүкендерінің (бірінші қажеттіліктегі тауарларды сату құқығымен) – жұмыс уақыты шектеусіз болады.

Қаулының толық мәтіні.