Банкирлер қалаорталығына Бұқар жырау даңғылы, 57/1 мекен-жайы бойынша кең мекемеге көшті.Енді клиенттерге банкке жету әлдақайда ыңғалы болады. Кеңселер де заманауиталаптарға жауап береді. Мұнда тіпті балалар ойын алаңы бар.
Банктің жаңакеңсесінің ашылу салтанатында қаржы үйінің қызметкерлері ғимарат алдында киізүй құрып, барлығы бірігіп шаңырақ көтерді. Қарағанды облысында тұрғын үйқұрылыс жинақ банкінің 95 мыңнан астам салымшысы бар. Жақын арада мерейтойлықжұз мыңыншы клиент келеді деп күтілуде.
Тұрғын үй жинақбанкі құралдарының көмегімен 8000 қарағандылық отбасы қоныс тойын тойлады, текосы жылы – 1500 жанұя баспаналы болды. Банк Басқармасының төрағасы ЛәззатИбрагимова «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысқаны жәнебарлық мәселелерді жедел шешкені үшін Қарағанды қаласының басшылығына алғысынбілдірді.
Елбасыныңтапсырмасы бойынша әзірленген «Бақытты отбасы» жаңа бағдарламасы табысы төменкөп балалы және толық емес отбасыларға жеке тұрғын үй алу арманын жүзегеасыруға мүмкіндік берді. Оған мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғанотбасылар да қатыса алады. Қарыздар жылдық 2% мөлшерлеремесі бойынша, 19 жылғадейінгі мерзімге беріледі.
- Бүгінгі күніқалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде өсуде. Қалада «Бақытты отбасы»бағдарламасы басталды және төрт күн ішінде 486 өтініш қабылданды. Ал бізде осысанат бойынша үй ала алатын 4410 отбасы кезекте тұр. Бұл бағытта әлі де қарқынұлғаяды. Менің ойымша, қарағандылықтар осы бағдарламаның барлық артықшылықтарынкөріп, өз баспанасы туралы арманын жүзеге асыра алатын болады, - деді НұрланӘубәкіров.
Облыста жаңабағдарлама бойынша алғашқы несие берілді.
- Біз ауылданқалаға көшеміз. Біз қарапайым отбасымыз. Мен мемлекеттік қызметте жұмысістеймін, ал жұбайым азаматтық қызметші. Үш баламыз бар. Мүмкіндігі шектеуліқызымызды тәрбиелеп отырмыз. Төрт жыл бұрын оған тұрғын үй құрылыс жинақбанкінде шот аштық. Ол 18 жасқа келгенде үй сатып ала алады деп ойлаған едім.Бірақ арманымыз әлдеқайда ертерек орындалды. Енді жалдамалы пәтердің орнынаөзіміздің жеке пәтеріміз бар, жақын күндері облыс орталығында жаңа қоныс тойынтойлаймыз, - деді Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Әсел Әбішева.
Сәтпаев қаласындатұрған көп балалы ана Самал Жанатқызы Рамазан салтанатты шараға келе алмады,алайда құттықтау лебіздерін білдіріп дыбыс хабарламасын жіберген екен.
- Біздің бер баламызбар, ата-анаммен бірге тұрамыз. Өз пәтеріміз туралы көптен бері армандағанедік. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасына кіруүшін құжаттар дайындап, жақында төрт бөлмелі пәтер сатып алдық. Енді барлықбалаларға болашақта әрқайсысында өз баспанасы болуы үшін отбасылық депозиттерашамыз, , - деді бағдарлама қатысушысы қуанышымен бөлісе отырып.
Қарағандылық ҚуатҚұсайынов пен Дана Вдовина өз жұмыс берушілері – «Нәтиже Сүт» ЖШС мен «Абзал»сауда үйінен әрқайсысы бір миллион теңгеге тұрғын үй сертификаттарын алды. Ал«Евразия билдинг» құрылыс салушы компаниясы сегіз бала тәрбиелеп отырған көпбалалы Құмкеновтар отбасына пәтер сыйлады.
- Бұл бизнестіңәлеуметтік жауапкершілігінің тамаша үлгілері. Өз қызметкерлеріне қамқорлық көрсететінкомпаниялар мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер алуы тиіс деп санаймын, -деп атап өтті ТҚЖБ басқармасының төрағасы. – «Бақытты отбасы» бағдарламасы еңалдымен балаларға, оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.Қазіргі таңда Қазақстанда балалар уақытша жер үйлерде, көп балалы отбасылар тарпәтерлерде тұрмауы керек. Бұл болашақ бағдарламасы.