Қарағанды облысында баласына дұрыс қарамаған әке жазаланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тұғыны өзінің баласын дұрыс тәрбиелемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жауапсыз әкеге қолданылған мұндай шара өзінің отбасылық  міндеттерін осы жыл ішінде екінші рет орындамауы себебінен тағайындалған.  Ер адам ішімдік ішеді және содан болып жас бала күтімсіз, аш қалып қояды.

Бастапқы сәтте ер адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Бірақ ол оны өзгерте қоймапты. Ювенальды полиция  еркекті тағы да мас күйінде тапқан.

«Құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындады, ісіне өкінетіндігін айтты. Шахтинск қаласының мамандандырылған ауданаралық соты оны бір тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Бала тәулік ішінде жақындарының қамқорлығында болады»,- деді  соттың баспасөз қызметі.