Жұмыстар жылына бір рет жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, күз айлары балықтандырудың ең қолайлы маусымы. Табиғи факторларды ескере отырып, бұл уақытта балықтың өміршеңдік деңгейі шамамен 70% құрайды.
«Биыл Қарағанды облысының аумағындағы Балқаш көліне 122 мың шабақ жіберілді. Бұл үй жағдайында өсірілген тұқы және өміршеңді полиморфты сазан, ол балық жіберу мақсатында алғаш рет қолданылды. Жұмыстар жалғасуда», - деді Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Балқаш филиалының директоры Еркінбек Құматаев.
Балқаш көлінде кәсіпшілік және әуесқойлық балық аулау белсенді жүргізіледі. Өңір бойынша алты ірі балық шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді.