Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша көліктер үшін қозғалысқа шектеу қойылды
19:18, 07 Наурыз 2013
ҚАРАҒАНДЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 наурыз сағат 16.00-ден барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды, деп хабарланды облыстық ТЖД-дан.
Қозғалыс автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 8-9 наурызда облыста жел күшейеді, соған байланысты ескерту жариялануы мүмкін.