Қарағанды облысында барлық жолдар ашық

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 16 ақпанда Қарағанды облысының аумағында барлық бағыттар бойынша автокөлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде ауа райы құбылып тұр. Құтқарушылар қарағандылықтарды сақ болуға, ауа райының өзгеруін назарда ұстауға шақырады. Мүмкіндігінше, әсіресе түнгі уақытта және күн бұзылған кезде алыс сапарлар мен жаяу серуендеудеден бас тарту керек.

Жолдардағы жағдай туралы өзекті ақпаратты білуге, оқыс оқиғалар туралы мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауға болады: 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.

Естеріңізге сала кетейік, 15-ақпанда қалың қар мен қатты желдің салдарынан Қарағандыда республикалық маңызы бар жолдардың 11 учаскесі жабылған болатын. Мыңға жуық адам жолдың нашар көрінуіне байланысты трасса бойында көліктерімен тұрып қалған. Құтқарушылар оларды жылыту пункттеріне жеткізді.