Мәлім етілгендей, биыл өңірде үй кезегінде тұрған 900-ден астам адам, оның ішінде 199 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Барлығы 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Жалдамалы үйлерге келсек, осы жылы төрт баспана салынып, пайдалануға берілген: Шахтинск қаласында 60 пәтер, Абайда 80 пәтер, Шет ауданы Ағадыр кентінде екі 12 пәтер.
Кезекте тұрған 346 адам үшін республикалық бюджеттен дайын жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға қаражат бөлінді.
«Отбасы банкі» салымшылары үшін кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша 8 жоба іске асырылуда.
Салынып жатқан көпқабатты және жеке тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялар тартылып жатыр. Нәтижесінде желілер 805 жер учаскесіне жеткізіледі.
«2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 282,712 мың шаршы метр немесе өткен жылдың деңгейіне 100,4% пайдалануға берілді», – деп атап өтті спикер.