«Жол-құрылысы маусымында мамандар жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара республикалық автотрассасының бір бөлігін жөндеуге кірісті. Жұмыстар Үміткер кентінен Ботақара кентіне дейінгі жол учаскесінде жүргізіліп жатыр», - делінген «Қазавтожол» компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазірдің өзінде 40 км-ден астам жол ретке келтірілген. Жол беті салқын қайта өңдеу технологиясымен жаңартылды. Жаңа су өткізгіш құбырлар орнатылды. Жазғы маусымның соңына дейін тағы 20 шақырымды жөндеу жоспарда.
Жұмысқа 35-тен астам арнайы техника мен 50-ге жуық маман тартылған. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мамандар жол белгілерін орнатады.