Осы жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі аралықта Қарағанды облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 975,2 американдық долларын құрады.
Өзара сауданың негізгі үлесі (92,7%) Ресей Федерациясына тиесілі, бұл елмен 903,8 млн долларды құрап отыр.
Беларусь Республикасымен өзара сауда 42 млн доллар (4,3%), Қырғызстанмен - 27,9 млн доллар (2,9%), Армениямен - 1,5 млн доллар (0,2%) болды.
Өзара сауданың жалпы көлемінде экспорт үлесі 63,8%, импорт - 36,2% құрайды.
Дәлірек айтар болсақ, Ресейге экспорт 571,2 млн доллар, импорт - 332,6 млн доллар. Өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда экспорт 4,9%-ға, импорт - 0,3%-ға ұлғайды.
Беларусь Республикасына экспорт (22,4 млн доллар) тура осындай өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда 19,8%-ға, импорт (19,6 млн доллар) - 31,6%-ға өскен.
Армения Республикасына экспорт 1,3 млн долларды құрады. Импорт болса (218,2 мың. доллар), 2017і жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 3 есеге ұлғайған.
Қырғызстанға экспорт (27,1 млн. доллар) 1,3%-ға өсті, импорт (840,2 мың доллар) 47%-ға қысқарды.