Қарағанды облысында белсендірілген көмір өндірілетін болады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жақында Қарағанды облысында жаңа өндіріс пайда болады. «Шұбаркөлкөмір» кәсіпорнында кокс үгінділерінен жасалған белсендірілген көмір шығарылады. Қазір жабдық толығымен құрастырылған. Әзірге жөндеу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа өндіріс қалайжұмыс істейтіні туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошановқа кәсіпорын мамандарыаймақ басшысының зауытқа жұмыс сапары барысында айтып берді.

Кокс ұнтақтарынанбелсендірілген көмір өндіру қондырғысы жақын арада жолға қойылып, іске қосуғадайын болады. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өндірістісертификаттау басталады.

Бастапқы мәлімет бойынша,дайын өнімнің 80% ішкі қазақстандық нарыққа жөнелтетін болады.

«Отандық өнімніңбағасы айтарлықтай төмен, ал сапасы жақсы болады», - деп түсіндірді «ШұбаркөлКөмір» АҚ кокс химиялық цехының директоры Сабыржан Иманбаев.

Белсендірілгенкөмір кәріздік суларды тазарту үшін қолданылады. Сондай-ақ бағалы металдарөндірісінде, атап айтқанда алтынды сілтілеу кезінде пайдаланылады.

«Біз болашаққасеніммен қараймыз, себебі жаңа өндірісті іске қосу сатысында тұрмыз. Әлеуеттітұтынушылармен байланыс орнатудамыз. Сондай-ақ, өндіріс қуаты 400 мың тоннажаңа кокс-химия зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Ол қауіпсіздік,автоматтандыру, экология жағынан заманауи болады. Бұл жоба 2023 жылы жүзегеасырылады. Оны іске қосқаннан кейін біз қолданыстағы кәсіпорынды жаңғыртуғатоқтатамыз. Біз қазір жобалауды аяқтау барысындамыз», - деді Сабыржан Иманбаев.

Ерлан Қошановсондай-ақ өнеркәсіпшілермен жұмыс кадрларымен қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады.Өңір басшысы кәсіпорын әкімшілігіне облыс колледждерінің бірін сенімдібасқаруға алуды ұсынды.

«Өздеріңізгеқажетті мамандықтар бойынша түлектерді дайындаңыздар. Біз қазір жұмысшымамандықтарға оқыту тәсілін өзгертеміз. Мамандық атласын құрып, одан барлық сұранысқаие болмаған мамандықтарды алып тастадық. Оқытушыларды шақырамыз жәнеқашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланамыз. Колледждерде жұмыс берушілер-ірікәсіпорындарға қажетті мамандарды оқыту керек», - деп түсіндірді облыс әкімі.

«Шұбаркөлкөмір» АҚәкімшілігі бұл идеяны құптады. Сабыржан Иманбаевтың айтуынша, қазір кәсіпорынҚарағанды облысының жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.

Соңғы жаңалықтар