Қарағанды облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің хабарлауынша, 25-26 қаңтар аралығында барлық автокөлік түрлері үшін «Топар - Жезқазған», «Қарағанды - Ақсу-Аюлы», «Қарағанды-Қарқаралы», «Қарағанды - Павлодар облысының шекарасы»,»Теміртау - Ақмола облысының шекарасы» және «Киевка - Ақмола облысының шекарасы» автожол бөліктеріндегі қозғалыс тоқтатылды.
Жекелеген азаматтар қар құрсауында қалып қойды.
Қарағанды облыстық ТЖД бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің басқармасы өткен тәулікте облыс тұрғындарынан 2 мыңға жуық қоңырау қабылдаған.
Қарағанды облысының құтқарушылары жергілікті полиция қызметінің бөлімшелерімен, жол ұйымдарымен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, барлығы 107 адамды құтқарды. Апатты-құтқару жұмыстарына Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері мен аудандық ТЖ бөлімдері жұмылдырылды.