Қарағанды облысында бірқатар аймақтарды су басып, тұрғындар көшірілді
466 мал қауіпсіз жерге жеткізілді. Садовое ауылында 21 үй, 31 ауданды су басып, 308 адам эвакуацияланды, 1065 мал қауіпсіз жерге жеткізілді. Сарытөбеде 1 үйді, 5 ауланы су басты. 110 адам эвакуацияланып, 918 мал қауіпсіз жерге жеткізілді.
Андрейниковкада Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 2 ауланы су басты. Алдын ала 14 адам туыстарына, 10 мал басы қауіпсіз жерге жеткізілді.
Тұзды ауылдық округінің 1 мамыр бөлімшесінде тұрғындар эвакуацияланып, 190 бас мал қауіпсіз жерге жеткізілді. Инертті материалмен қаптар қою арқылы Нұра өзенінің арнасына қорғаныс бөгеттерін қою жұмыстары жүріп жатыр.
Шет ауданы Красная поляна ауылында 1 үй мен 5 ауланы су басты, 7 адам көшірілді. «Қара Мұрын» стансасында 5 ауланы су басты, 25 адам эвакуацияланды.
Қазір Қарағанды облысында су тасқынына қарсы шараларға 600-ге жуық адам, жүздеген бірлік техника жұмылдырылды.