Қарағанды облысында биыл жаңа мал шаруашылық кешені іске қосылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының фермерлері мал шаруашылығы саласында ірі жобаларды жүзеге асыруда. Бұқар Жырау ауданының Новоузенка ауылдық округінде күзде ет өндіру кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Мұнда шаруа қожалықтарының бірі сүт өндірісін кеңейту үшін жаңа база салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Малшаруашылығы кешенінің құрылысын «Апрель» фермерлік кәсіпорны жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд теңгеніқұрайды, оның 300 млн теңгесі – жеке инвестициялар. Шошқа етін өндіру үшінШвейцария мен Германиядан асыл тұқымды мал сатып алу жоспарлануда. Кешенніңөндіріс қуаты жылына 5 мың тонна болмақ.

Кешенжетекшісі Денис Кобелевтің айтуынша, Big Dutchman неміс фирмасының қолданылатынтехнологиясы барлық үдерістерді автоматтандыра отырып, қазіргі қарқынды ресурсүнемдейтін өндіріске негізделген.

Кешен биылғыжылдың қазан айында іске қосылады, деп хабарлады ол. Инвестордың ақпаратыбойынша, бастапқы кезеңде 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

Salem шаруақожалығы ірі қара мал өсірумен айналысады. Кәсіпорын 2017 жылдан бастап жұмысістейді, бүгінде мұнда симментал тұқымды 600 сиыр мен бұқа бар. ЖануарларЛуганск пен Башқұртстаннан жеткізілген. Жазғы уақытта сиырлар күніне 2 тоннағадейін сүт береді.

Шаруақожалығы өндірілген сүттің бір бөлігін «Нәтиже» фирмасына жеткізеді, қалғанөнім ірімшік өндіру үшін қайта өңделеді. Кәсіпорын бұқаларды жергіліктібордақылау цехтарына тапсырады.

«Қазіргіуақытта біз өндірісті кеңейту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. 1-ші қыркүйеккедейін 400 бас ірі қара малға арналған үшінші базаны іске қосамыз. Жоба 400 млнтеңгені құрайтын жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Өндірістікеңейту сүт көлемін күніне 5 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді және қосымша32 жұмыс орнын ашады», - деді Salem ШҚ басшысы Нұржан Рахымбаев.

Олөндірістік үдерістер толығымен автоматтандырылғанын атап өтті. Жаңа база үшінитальян, поляк және ресейлік өндірістің жабдықтары сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар