Өңір әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бұл субсидиялар, кепілдіктер мен гранттар түрінде 400 кәсіпкерді қолдауға мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ, биыл «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 500 адамды оқыту жоспарлануда. «Еңбек» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 420 жоба қаржылай қолдау табады.
Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың арқасында 2021 жылы 2 500 жұмыс орны құрылады», - делінген мәліметте.