1 ақпанда Қарағанды облысы Балқаш қаласы полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейд өткізді.
Шараның мақсаты – браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу.
Сағат 16.00-де полицейлер Балқаш көлінде мұз астында балық аулаумен айналысатын белгілі бір азаматқа назар аударған.
Тәртіп сақшылары бұл адамды ұстап, ол Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
Ер адамнан 83 кг сазан, 21 кг табан, ұзындығы 600 метр балық аулау торы, лом мен күрек табылды және тәркіленді.
Шығын сомасы 369 мың теңгені құрады.
«ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе ресурстарын заңсыз өндіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.