Қарағанды облысында бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жел мен бұрқасын күтілуде, деп хабарлайды синоптиктердің болжамына сілтеме жасаған облыстық ТЖД.

«Қазгидромет» РМК-ның Қарағанды гидрометеорология орталығының мәліметтерінше, 30 қараша күні облыстың солтүстігі мен шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігіндегі жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың орталық аудандарында сынап бағанасы 18-23 градус, күндіз - 5-10, солтүстігінде - 13 градус аязды көрсетеді», - делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.

Тұрғындарға қырағы болып, ауа райы жағдайының өзгерістерін бақылап отыру кеңес етіледі.