Қарағанды облысында дағдарысқа қарсы қосымша шараларға 21 млрд теңге бөлінді
«Республикалық бюджетті нақтылау кезінде Қарағанды облысына дағдарысқа қарсы қосымша шаралар үшін 21, 1 млрд теңге бөлінді. Бұл сомадан 3,3 млрд теңге тұрғын үй құрылысын ынталандыруға, 4,9 млрд теңге - жергілікті бюджеттер шығынының орнын толтыруды қамтамасыз етуге және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды», - делінген хабарламада.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдетуге 3,3 млрд теңге, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында - 3,5 млрд теңге бөлінді. «Бизнестің жол картасы» бойынша индустриалдық инфрақұрылымдарды қаржылай қолдау және дамыту аспаптарын қосымша қаржыландыруға, сондай-ақ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешендерінің субъектілері арқылы шығыстар бөлігінің орнын толтыру үшін 1 млрд теңгеден қарастырылды.
А. Дүйсебаев қосымша дағдарысқа қарсы шаралар аясында қаржыландырылған нысандар бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды.