Қарағанды облысында дәрігерлер тұмаудың және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясының екінші толқынын күтуде

None
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 2010 жылғы қаңтардың ортасынан бастап ақпанның басына дейін тұмаудың және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясының екінші толқыны күтілуде. Бұл жөнінде Мемсанэпидқадағалау облыстық департаменті бөлімінің бастығы Қаламқас Баймұқанова мәлім етті.

Оның айтуынша, аймақтағы эпидемиялық жағдай тұрақты күйінде қалып отыр, сондықтан барлық карантиндік іс-шаралар кейінге қалдырылған.

Мемсанэпидқадағалау облыстық департаментінің мәліметінше, Қарағанды облысында 69 мың адам тұмаумен және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясымен ауырған, маусымдық тұмаудың 69 жағдайы тіркелген. «Өкпе қабынуынан 19 адам көз жұмды, бұл өткен жылға қарағанда аз», - деді дәрігерлер.