Қарағанды облысында дәрігерлердің қызметіне шағымданушылар 25% азайды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығына жарты жылда 4500-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасында медициналық «жедел желі»жұмысының қорытындысы шығарылды. Жыл басынан бері Call-орталыққа 4693 адамхабарласқан. Тұрғындардан келіп түскен қоңыраулардың көбі анықтамалықақпараттарға қатысты, олар - 3237.

«Біздің мамандарға көбіне адамдар медициналық ұйымның телефонын білуге,қандай да бір мәселемен қай дәрігерге бару керектігін немесе «порталға тұру үшін» қандай құжаттар жинау керекекенін білу үшін хабарласады»,- дейді Call-орталықтың жетекшісі ТатьянаКоростелева.

Өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлер мен медициналық ұйымдарғашағымдар саны 25% төмендеген. Алайда, адамдардың әлі де мамандарға жазылу менауруханаға жатқызу ережелеріне көңілдері толмайды. Бұл сұрақтарды Call-орталықоператорлары «осы жерде және қазір» әдісі бойынша шешеді. Науқастан немесе оныңтуысынан қоңырау түссе, «жедел желі» маманы бірден медициналық ұйымғахабарласып, туындаған барлық мәселелерді шешеді. Бірнеше күннен соң операторқажетті көмек көрсетілді ме және науқастың оған көңілі толды ма, осымәселелерді білу үшін медициналық ұйымға «шешуші қоңырау» шалады.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығы (тел.:9-5555-9) 2014-ші жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Штатта кәсібипсихологиялық білімі бар 3 маман бар. «Жедел желіге» қоңыраулар жұмыс күндерісағат 9.00 мен 18.00 дейін қабылданады. Басқа күндері хабарлама қалдыруғаболатын автожауап бергіш жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар