Қарағанды облысында дәстүрлі Jezkiik фестивалі өтеді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 24 тамызда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында этномәдени мұралардың Jezkiik екінші халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сңлтеме жасап.

Аудандық Мәдениет, мұрағаттар жәнеқұжаттама басқармасының бастығы Еркебұлан Ағымбаевтың айтуынша, фестиваль 2018 жылдан бері дәстүрлі түрдеұйымдастырылып келеді. Биыл оның аясында гастрономиялық шоу өтеді. Онда шоудыңбас аспазы қазақтың ұлттық тағамдарындайындап, көшпенділердің дәстүрлі тағамдарының шығу тарихы туралы әңгімелейді.

Болатсай аумағында этноауыл салынады. Бағдарламаның негізгібөлігі музыкалық аймақта өтеді. Спорттық аймақта Nomad Stuntsшабандоз-каскадерлер тобы өнер көрсетеді. Food-аймақта қонақтар тамақтанып,салқын сусындар сатып ала алады.

«Жезкиік» екінші музыкалық фестивалінде Италия, Испания,Венгрия, Сербия және Қазақстан музыканттары мен фольклорлық ұжымдары өнеркөрсетеді. Сахнаға Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші солистерішығады, «Тоқырауын толқындары» халық ән және би ансамблінің әртістері, халықәндерінің орындаушылары қатысады.

Гала-концертке «Арлан» ұлттық дәстүртеатрының әртістері, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Қарақат Әбілдина менҚыдырәлі Болманов, аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» тобы, «Ұлытау» және AlatauSerileri топтары, «Алтын батыр» степ-тобы өнер көрсетеді.

Фестиваль қарсаңында 22 тамызда Ұлытау қаласындатуроператорлар форумы өтеді. Оған Ресей, Түркия, Германия және басқа даелдердің мамандары шақырылды. Туроператорлар үшін Жошы хан, Алаша ханкесенелеріне және басқа да тарихи ескерткіштер мен киелі жерлерге экскурсияөткізіледі.

23 тамызда мұнда ауыл жастарының форумы өтеді.
Фестиваль алаңында киіз үйлер орнатыла бастады, жалпы саны 45киіз үй көтерілмек. Қазіргі таңда үлкен сахнаны, ойын алаңдарын, алтыбақанды,сауда шатырларын, қолөнершілерге арналған шатырларды және басқа да ғимараттардықамтитын этноауыл құрылып жатыр.

Бірінші Халықаралық Jezkiik фестивалі Қарағанды облысында2018 жылы өткен болатын. Содан кейін музыкалық іс-шара жыл сайын өткізіледідеген шешім қабылданған.

Соңғы жаңалықтар