Жіті респираторлық жұқпалардың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1%(29 881) өскені байқалады.
Қазіргі уақыттағы - А (H1 N1), А (H3N2), B штаммдары тіркелген. Бұл эпидмаусымда өткен жылғыдай А (H1 N1) штаммы басым болуы ықтимал. Ауырғандар арасында егілген адамдар жоқ. Жоғарыда айтылғандардан вакцинация тұмаудың алдын алудың ең тиімді құралы болып табылатыны дәлелденіп отыр.
« Тұмау әсіресе жүктілік кезінде қауіпті, өйткені жүктілік иммундық жүйеге түбегейлі әсер етеді. Әйелдің аяғы ауыр болғанда, оның иммундық жүйесі жүктілікке дейін болғандағыдай тез төтеп бере алмайды. Жүкті әйелдің ағзасы ең алдымен баланы қорғау керек екенін біледі. Осылайша, ол иммундық жүйенің қабілетін төмендетеді, анасын қорғау және ауруларға қарсы шығу төмендейді, оның асқынуын туғызу қаупі артады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында.
Тұмау жұқтырған жүкті әйелдердің мерзімінен ерте босануы мүмкін. Бұл жүктіліктің 37 толық аптасына дейін болуы ықтимал. Ерте босану баланың денсаулығына айтарлықтай проблемалар келтіруі мүмкін екенін есте сақтаған жөн. Тұмау аурушаңдығының көтерілуі кезінде дертті жұқтырмау өте қиын. Масканы кию аурудан 100%-ға сақтайды деп сенбеу керек. Маска 2-3 сағат бойы ғана тиімді, содан кейін оны ауыстыру қажет, сонымен қатар маска киген кезде оның тығыз киілгенін бақылау қажет.
Коронавирустың етек жаюына байланысты, әлемде тұмау індеті өсуде. Мысалы, тек АҚШ-та осы маусымда тұмаудан 12 мың өлім мен 22 миллион жұқтырғандар тіркелген.
Вирустың алдын алу шаралары: қолды жуу, ылғалдандырып тазалау, үй-жайды желдету және адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары болып табылады.