Қарағанды облысында екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды
«Конкурстық іріктеу нәтижесінде Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Гүлнарайым Қаңтарбекова, Қарағанды облыстық мобилизациялық дайындық бойынша басқарма басшысының міндетін атқарушы болып Жомарт Жылқыбаев тағайындалды», делінген хабарламада.
Г.Қаңтарбекова осыған дейін облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімін басқарған. Бұрын Қарағанды қаласының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тілдер бойынша бөлімінің бастығы, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы қызметтерін атқарған. Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Саран қ. әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болған.
Ж.Жылқыбаев бұл қызметіне дейін Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары болған. Қарағанды облыстық мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, төтенше және апаттық жағдайлардың алдын алу және оны жою бойынша басқарма бастығының орынбасары болған. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ заң департаментінің менеджері қызметтерін атқарды.