Сот Қарағандыда Ерубаев, 30а, Жезқазғанда Тарадай көшесі, 4 мекен-жайлары бойынша орналасқан.
Қарағандының қазіргі Мамандандырылған әкімшілік соты Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып атауын өзгертті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер осы соттың қарауында қалады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс жұмыс істей бастады. Ол азаматтардың билік органдарымен дауларын қарау кезінде олардың құқықтарын сапалы қорғауға бағытталған. Кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты елімізде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар күшін жояды және 21 әкімшілік сот құрылады.