Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша КБК-нің баспасөз қызметі хабарлады.
2012 жылдың маусым-шілде айларында есірткі контрабандасымен күрес жедел-алдын алу шаралары өткізілді, соның барысында заңсыз есірткі заттарын сату фактілері анықталды. Қарағанды қаласында тұратын А. есімді азамат ұнтақ секілді ақ-сұр түсті затты сатқан. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, бұл зат 2,6 грамм героин болып шықты. Тексеру амалдары жүргізілуде.