Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Аян Шалмағанбетовтың айтуынша, еріген қар суы жердің бірреттік терең ылғалдандырылуына пайдаланылады.
«Суды бөгетке жинап, 10-20 тәулік бойы ұстаймыз», - деді Аян Шалмағанбетов.
Еріген қар суын кәдеге жаратудың алғашқы тәжірибесі алдағы 2018 жылдың көктемінде басталады.
Осы уақытқа дейін еріген қар сулары тасқындар ретінде қалаларға, ауылдар мен аудандарға миллиондаған шығындар алып келген еді.