«Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының хабарлауынша, республикалық маңызы бар тасжолдың учаскесі жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабылған.
«Республикалық маңызы бар Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолының 139, 141, 169 шақырымы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды», - делінген «Қазақавтожол» РМК хабарламасында.