«Қыз ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Денесінің көп бөлігін күйік шалған еді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, қыздың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, қыз қайтыс болды», - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Оның сөзіне қарағанда, жансақтау бөлімінде Анна Шилина есін жиған.
Еске сала кетейік, 19 ақпанда 17:00-де Солтүстік-Батыс кентіндегі тұрғын үйде газ баллоны жарылған болатын. Соның салдарынан денесін күйік шалған жігіт пен қыз ауруханаға жеткізілген, кейіннен Даниил Ефремов сонда көз жұмған еді.