Атқару билік органдарының басшылары тұрғындарға көшедегі тазалыққа әрбір адамның ұмтылуы керек екенін көрсетіп, үлгі болды.
«Әкімдер мен 49 мың сенбілікке қатысушылар Жеңіс паркінде 800 ағаш отырғызды. Облыстық сенбілікке 4 мың ұжым қатысып, 67 арнайы техника тартылды. 12 мың гектардан астам жер көгалдандырылып, рұқсат етілмеген 13 қоқыс тастайтын орын жойылды», - деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.