Қарағанды облысында қамаудағы адамдардың жер астынан жол жүргізу арқылы қашып кету әрекетінің алды алынды
10:11, 27 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қарағанды облысының түзеу мекемелері аумақтарының бірінде ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жер астынан жол жүргізуді анықтау бойынша сәтті операция жүргізді,
деп хабарлады ІІД ҚАЖК-нің баспасөз қызметінде.
Тереңдігі екі метр, ұзындығы бірнеше метр қазылған жер асты жолы медициналық бөлім ғимаратында алдын алу шараларын өткізу барысында анықталды, деп атап өтті пенитенциарлық жүйе ведомствосы.
Жер асты қазуларға қатысы бар алаяқтық, ұрлық және қарақшылықтары үшін жазасын өтеп жүрген екі адам қолға түсті.
На место происшествия вызвана следственно-оперативная группа органа внутренних дел, проводится расследование, подчеркнули в КУИС.
Оқиға орнына ішкі істер органының тергеу-жедел тобы шақырылды, тергеу жүргізілуде, деп атап өтті ҚАЖК-ден.