Қарағанды облысында қар құрсауынан 42 адам құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қарағанды облысының құтқарушылары қар құрсауынан 42 адамды құтқарды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық Тқтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 3 наурызда сағат 15:52 - де облыстық маңызы бар «Нұра кенті - Осакаровка кенті» тасжолында Осакаров ауданының Осакаровка кентінен 11 шақырым жерде ТЖД құтқарушылары Урожайное ауылы - Қарағанды бағытындағы жолдан шығып кеткен «Мерседес» маркалы автобустан 41 адамды Осакаровка кентіне эвакуациялады, оның ішінде 6 бала болды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Сондай-ақ жолдың тазартылған учаскесіне 1 жеңіл автокөлік шығарылды. Салонда бір адам болды, ол медициналық көмекті қажет етпеді.